Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы 18 сәуірде Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін үздік бітірген. 2001 жылғы тамыздан 2003 жылғы тамызға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс жасаған. 2003 жылғы мамырдан 2007 жылғы мамырға дейін Қазақстан Республикасының Әзірбайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі елшіліктерінде дипломатиялық қызметте болды. 2007 жылғы мамырдан 2007 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінде бөлім бастығы. 2007 жылғы желтоқсаннан 2008 жылғы желтоқсанға дейін ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты. 2009 жылғы қазаннан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдық-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2011 жылғы қазаннан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы. 2013 жылғы шілдеден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
Дәурен Әскербекұлы Абаев
Последние статьи автора