Дәулетбек Байтұрсынұлы 1964 жылы 8 наурызда ҚХР Іле қазақ облысы, Тәңір тауы бөктерінде дүниеге келген, 1981 жылы орта мектепті, 1983 жылы Педогогикалық техникумды, 1988 жылы Шыңжаң оқу-ағарту институтының физика факультетін бітірген. Монғолкүре аудандық №1 орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі, Құлжа қаласындағы Саяси мектепте бірліксап және зиялылар мәселесі бойынша ұстаз болды.
1994 жылы тәуелсіз Қазақстанға біржолата көшіп келді. 1996 жылдан Қазақстан Республикасының азаматы. 1994 жылдан жазушылар одағының, 2006 жылдан журналисттер одағының мүшесі. «Халық кеңесі», «Ислам және өркениет» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан шыққан «Әдебиет айдыны» газетінде тілші, жауапты хатшы, Бас редактордың орынбасары болып қызмет атқарды. Қазір халықаралық Диалог Евразия Платформасының Алматыдағы өкілі. Өлеңдері 1988 жылдан ҚХР және ҚР-дағы мерзімді баспасөзде үздіксіз жарық көріп келеді, «Жас толқын» жинағына енген. «Күнәсіз мекен», «Мәңгілік мекен», «Ләтипа лүпілі» жыр жинақтарының авторы. Әдеби басылымдарда жиырмаға жуық сын мақалалары жарық көрді.
2004 жылы «Отан» партиясымен «Ана тілі» газетінің ұйымдастырған ғылыми экспедициясының құрамында бола отырып, Қазақстан, Ресей, Монғолия, Қарақалпақстан, Өзбекстан, Қырғызстан секілді елдерді аралап, шекара өңіріндегі қазақтар өмірімен танысып, 35 күнде 20 мың шақырым жол жүріп, өте қиын әдеби-мәдени жәдігерлерді жинап, баспа бетінде жарияланды. Бірнеше мәрте туысқан Түрік Республикасында сапарда болып, ол туралы жазған мақалалары басылып шықты. Қазір халықаралық мәдени-интеллектуалды Диалог Еуразия Платформасының «da Қазақстан» журналының Бас редакторы болып қызмет істеп жатыр. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы, «Алматы» телеарнасы ұйымдастырған жыр мүшайраларының жүлдегері, Түркияның Елазық қаласында өткен түркі мемлекеттерінің халықараалық «Һазар чиір акшамлары» фестивалінің дипломаты.
Дәулетбек Байтұрсынұлы
Последние статьи автора