Дархан Қамзабекұлы Мыңбай 1962 жылы 26 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысында дүинеге келген. 1985 жылы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған, журналист.
1985-1990 жылдары КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Ақпараттық агенттіктің (ҚазТАГ) редакторы, аға редакторы, аға әдеби бақылаушы редакторы. 1990-1994 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің аппаратында аға консультант, аға референт. 1994-1996 жылдары «Өркен-Горизонт» республикалық газеттерінің бас редакторы. 1996-1997 жылдары «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясының вице-президенті. 1997-2002 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2002-2004 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат және жастар ісі жөніндегі департаментінің бастығы. 2004-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданының әкімі. 2006-2008 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2008 жылғы сәуірден 2008 жылғы қарашаға дейін Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат вице-министрі. 2008 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі. 2012 жылдың қаңтар айында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі. 2013 жылдан бастап ҚР Ұлттық мұражайының директоры.