Дандай Ысқақұлы

Дандай Ысқақұлы 1946 жылы 27 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Қоғам ауылында дүниеге келген. Қоғамда жеті жылдық (1953–1961) және аудан орталығы Шәуілдірдегі Жамбыл атындағы орта мектептерде (1961–1964) оқыған. Қазақтың С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетін (1969) бітірген. Еңбек жолын Алматы облыстық «Жетісу» газетінде бастаған. 1972–1975 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аспирантурасында оқиды. «Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сыны» деген тақырыпта диссертация қорғайды (1975). 1975–1977 жылдары ҚР Ұлттық Ғылым Академиясы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында кіші ғылыми қызметкер әрі жас ғалымдар советінің мүшесі болып, оның филологиялық саласын басқарады. 1977–1988 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы, доценті, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды. «Қазақ университеті» газетінің редакторы болды. 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларынан кейін ол ұлтшылдықпен айыпталып, қуғынға ұшырады. Заманның біртіндеп жақсара бастауымен әл-Фараби атындағы ұлттық университетінің дайындық бөлімінде сағат бойынша дәрістер өткізеді, қазақ әдебиеті кафедрасында доценттік қызметке тұрады. 1994 жылы профессор Т.Кәкішевтің жетекшілігімен «Қазақ әдеби сынының ғылыми негіздері» бойынша докторлық диссертация қорғады. 1995–2000 жылдары «Қазақ әдебиеті», «Қазақ әдебиетінің тарихы мен сыны» кафедраларында профессор. 2000–2004 жылы Л.Н.Гумилев атындағы университетінде «Қазақ және шетел әдебиеті» кафедрасының профессоры болды. 2000 жылдан С.Демирел атындағы университеттің проректоры қызметін атқарды.
Ғалымның шығармашылық жолы мектеп қабырғасында жүріп, аудандық газетке мақалалар жазып тұрудан басталған. Сын-зерттеу мақалалары 1967 жылдан бері қарай баспасөз бетінде үзбей жарияланып келеді. Қазақ әдебиеті мен өнерінің түрлі мәселелеріне арналған төрт жүздей мақаланың, 14 кітаптың авторы. Сонымен бірге он екі томдық «Қазақ Совет Энциклопедиясы» (ІІ-ХІІ томдар), төрт томдық «Қазақ ССР. Қысқаша Энциклопедия» (ІV том), «Қазақстан. Ұлттық Энциклопедия» (І-VІ томдар), Мәскеуде шыққан тоғыз томдық «Қысқаша әдеби энциклопедия» (орыс тілінде, ІХ том), «Түркістан», «Қазақ әдебиеті», «Абай» энциклопедиялары, академиялық «Стиль сыры» (1977), «Дәстүр және жаңашылдық» (1980), «Көкейкесті әдебиеттану» (2001, 2002, 2004), «Қазақ әдебиеті тарихының қысқаша курсы» (2002), «Әдебиет теориясы» (2003), көптомдық «Қазақ әдебиетінің тарихы» (VІІ том, 2004; ХІ том, 2007), «Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» (2008), «Қазақтың жүз романы» сияқты іргелі еңбектерді жазуға қатысқан.
Жиырмасыншы ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері М.Жұмабаев («Қазақ елі, бір ауыз сөзім саған», 2004), М.Әуезов («М.Әуезов. Талант пен тағдыр», 1997), С.Мұқанов («Парасат пайымдары», 2000), Ғ.Мүсірепов («Сырбаз суреткер», 2002) жайлы жеке еңбектер жазды. ҚР Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының және Халықаралық Айтматов Академиясының академигі.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста