Дамир Абайділдәұлы Дәулетбаев
Дамир Абайділдәұлы Дәулетбаев 1964 жылы 1 қазанда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын тәмамдаған. Медицина ғылымының докторы, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі.
Қызылорда облыстық ауруханасының реаниматолог дәрігері, хирургі, аурухана бас дәрігерінің емдеу жөніндегі орынбасары болды. 1999-2003 жылдары - Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы. 2003-2005 жылдары - Қызылорда облыстық медициналық орталығының директоры. 2005-2006 жылдары - Қазақстан медицина университетінің ғылыми кеңесшісі. 2006-2008 жылдары А.Сызғанов атындағы хирургиялық ғылыми орталығының өңеш, асқазан, және көкірек аралық хирургия бөлімінің бас ғылыми қызметкері болған. 2008 жылдың қыркүйек айынан Алматы медицина колледжінің директоры.
1 монография, 72 ғылыми еңбектің, 9 өнер табыстың авторы. Ғалымның жетекшілігімен 4 кандидаттық диссертация қорғалды.
«Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған.