Дайыр Әділбекұлы Көшеров 1977 жылы 10 қаңтарда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында дүниеге келген. Индиана Университетін (Блумингтон қаласы, АҚШ), Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген, «Сертификатталған қаржы талдамашысы» бағдарламасынан өткен.
1998-2000 жылдары - «Ақ ниет» кәсіпорны бас бухгалтерінің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры. 2000-2005 жылдары «ABN AMRO Asset Management» ЖАҚ бас бухгалтерінің орынбасары, тәуекелдік менеджері, бөлім бастығы, портфельдік менеджер, бас портфельдік менеджер. 2005-2006 жылдары - «Интергаз Орталық Азия» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары, директоры. 2006-2008 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ-ның корпоративтік қаржыландыру департаментінің директоры. 2008 жылғы наурыз-қыркүйек айларында - «ҚазТрансГаз» АҚ-ның қаржы директоры. 2008-2012 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ-ның экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры. 2012 жылғы маусымнан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
Дайыр Әділбекұлы Көшеров
Последние статьи автора