Болат Жүнісбеков
Болат Жүнісбеков 1958 жылы 28 мамырда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шұбартау ауданында дүниеге келген. Журналист, жазушы, саясаттанушы.
Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінде әдеби қызметкерліктен бастап, редактордың орынбасарлығына дейінгі шығармашылық жолдан өткен. Республикалық «Халық кеңесі» газетінің бөлім меңгерушісі, Халық депутаттары Алматы қалалық кеңесінің баспасөз хатшысы, Тіл басқармасы басшысының орынбасары, «Алматы» журналының бас редакторы, Алматы қалалық әкімдігінің бөлім меңгерушісі, Ішкі саясат департаментінің директоры болып қызмет еткен. Қазір «Алжир» мұражайының директоры.
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты. «У» роман-эссесінің, «Алаш-АЛЖИР» екі томдығының, «ОтаАсу» роман-диологиясының, орыс тіліндегі «Неповторимое многоцветье» кітабының авторы.