Болат Сапоров Сапорұлы
Болат Сапоров Сапорұлы 1940 жылы 17 шілдеде Семей облысы Ақсуат ауданы, Ақсуат ауылында дүниеге келген.
Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы. Еңбек жолын 1957 жылы Ақсуат ауданының «Комсомол» ұжымшарында механизатор болып бастады. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтын аяқтап, мектеп мұғалімінен аудандық халық депутаттары атқару комитетінің төрағалығына дейінгі қызмет жолын өтті. Жауапты партия, кеңестік жұмыстар атқарды. 20 жылдан артық Ақсуат, Бородулиха аудандарын басқарды. 2002 жылдың мамыр айында Болат Сапорұлы Бородулиха аудандық мәслихатының хатшысы болып сайланды. Көптеген Үкіметтік наградалардың иегері.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңның 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты Шешім қабылдады:
«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен зор үлесі үшін Бородулиха аудан-дық мәслихатының хатшысы Болат Сапорұлы Сапоровқа берілсін.