Болат Оспанұлы Сауранбаев 1955 жылы 8 желтоқсанда Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген. Техника ғылымының кандидаты. 1978-1980 жылдары Алматы Үй құрылысы комбинатында мастер, инженер, 1980-1987 жылдары Алматы қаласы Алатау ауданы комсомол комитетінде нұсқаушы, бөлім меңгерушісі, ІІ хатшы, 1987-1993 жылдары Алатау ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, аудан әкімі, 1993-1999 жылдары «Рамбутя» ЖШС-ның техникалық директоры, 1999-2005 жылдары Тараз қаласының әкімі. 2005-2006 жылдары «KUAT» Корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2006-2009 жылдары «Шебер-Invest» ЖШС-ның бас директоры. 2009-2012 жылдары «Global Building Contract» ЖШС-ның директоры. 2012-2013 жылдары Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы. 2013 жылдың наурыз айында Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Болат Оспанұлы Сауранбаев
Последние статьи автора