Болат Оралұлы Ақшолақов
Болат Оралұлы Ақшолақов 1971 жылы 9 сәуірде Гурьев (қазіргі Атырау) қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
1993 жылдан - «Аlem Bank Kazakhstan» филиалдар қызметін бақылау департаментінің экономисі, бас экономисі. 1995 жылдан - ОрталықАзия ынтымақтасу және даму банкінің бағалы қағаздар бөлімінің, дилинг операциялары бөлімінің бастығы, активтерді басқару департаментінің директоры. 1997 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ ТШО департаментінің аға сарапшысы, менеджері, бас менеджері, директорының орынбасары. 2001 жылдан - Commonwealth and British Services Ltd компаниясының бизнес-сарапшысы, стратегиялық жоспарлау менеджері, қаржы директоры. 2003 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК үлес басқару жөніндегі атқарушы директоры. 2006 жылдан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі. 2008 жылдан - «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ электрэнергетикалық және мұнайгаз активтерін басқару мәселелері жөніндегі басқарушы директоры. 2010 жылдың шілде айынан бері - «РSА» ЖШС бас директоры басқарма төрағасы (мұнайгаз жобаларындағы өнімді бөлісу туралы келісімдер женіндегі өкілетті орган). 2011 жылы - «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2012 жылдан бастап - ҚР Мұнай және газ вице-министрі.