Болат Ғазизұлы Ысқақов
Болат Ғазизұлы Ысқақов 1947 жылы 9 ақпанда Алматы облысы Үштөбе қаласында дүниеге келген. КСРО ІІМ Қарағанды жоғары мектебін (1974) заңгер мамандығы бойынша; КСРО ІІМ Академиясын (1981) қоғамдық тәртіпті қорғау саласында басқаруды ұйымдастыру мамандануы бойынша тәмамдаған. 1966 жылдан - ОМ дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, шахтада жұмысшы. 1974-1979 жылдары - Қарағанды облыстық атқару комитеті ІІБ қылмыстық іздестіру инспекторы, Совет аудандық ІІБ аға инспекторы, Қарағанды облыстық ІІБ инспекторы, аға инспекторы. 1981 жылдан - Совет аудандық ІІБ нашақорлықпен күрес бөлімшесінің аға инспекторы, аудандық ІІБ бастығының орынбасары, Шахтинск қалалық ІІБ бастығы. 1985 жылдан - Қарағанды қалалық ІІБ бастығы. 1991 жылдан - ҚазКСР ІІМ Қоғамдық тәртіпті қорғау басқармасының бастығы, ҚР ішкі істер министрінің орынбасары - Қоғамдық қауіпсіздік қызметінің бастығы. 1992 жылдан - ҚР ішкі істер министрінің бірінші орынбасары. 1995 жылдан - ҚР ІІМ Алматы жоғары мектебінің бастығы, Алматы облысы бойынша МТКБ бастығы. 1997 жылдан - Жамбыл облысы бойынша МТКБ бастығы, ҚР ІІМ Алматы заң колледжінің бастығы. 1999 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 2000 жылдан - ҚР ішкі істер министрі - ҚР ІІМ Ішкі Әскерлерінің қолбасшысы. 2002 жылдан - ҚР Республикалық гвардиясының қолбасшысы. 2006-2010 жылдары - Беларусь Республикасындағы ҚР Төтенше және Өкілетті елшісі, ТМД жарғылық органдары жанындағы тұрақты өкіл қызметін қатар атқарушы. ҚР Қауіпсіздік кеңесінің мүшесі. Қазір «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары.
Генерал-майор. «Даңқ» орденімен (2005); 13 медальмен марапатталған.
Жұбайы - Ысқақова Жұмшира Садыққызы (1945 жылы туған). Ұлдары - Ысқақов Еділ, Ысқақов Темір.