Берлин Кенжетайұлы Иришев 1945 жылы 9 мамырда дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Мәскеу қаржы институтының аспирантурасын, РФ Президенті жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының докторантурасын бітірген. Әр жылдары Алматы халық шаруашылығы институтының кафедра меңгерушісі, КСРО Внешэкономбанкінің «Казвнешэкономбанкі» басқарма төрағасы, Alem Bank Kazakhstan басқарма төрағасы, ҚР Эксимбанкінің басқарма төрағасы, ҚР Президентінің кеңесшісі, Франциядағы Қазақстан елшілігінде кеңесші-елші қызметтерін атқарды. Отандық және шетелдік басылымдарда басылған түрлі өзекті тақырыптарға арналған жүздеген жарияланымдардың авторы. Зерттеу саласы: шетелдік инвестициялар, банктер, монетарлық саясат, экономикалық патриотизм, ядролық энергетика, ауызсу, аграрлық саясат, әлемдік дағдарыс пен интеграция мәселелері. 1996 жылдан бері Францияның астанасы Париж қаласында тұрады. Франциядағы Parlink Consulting консалтингтік компаниясының басқарушысы, экономика ғылымының докторы.
Берлин Кенжетайұлы Иришев
Последние статьи автора