Берік Уәлиұлы Құрманғали

Берік Уәлиұлы Құрманғали 1977 жылы 4 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ойшілік ауылында дүниеге келген. 1997 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын кинотанушы-редактор мамандығы бойынша, 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін журналистика магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1997 жылы «Таң» телерадиокомпаниясының «Алматы жаңалықтары» ақпараттық бағдарламасының репортері, шығарушы редакторы, «Апта айнасы» бағдарламасының жүргізушісі қызметтерінен бастаған. 1998-1999 жылдары НТК телеарнасының «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының редакторы, шығарушы редакторы болып қызмет етті.
2000-2007 жылдар аралығында «31 канал» телерадиокомпаниясында қызмет етіп, «Информбюро» ақпараттық бағдарламасы қазақ редакциясының редакторы, шығарушы редакторы, жүргізушісі, бас редакторы болды, «Еркін сөз» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі болып еңбек етті, «Дода» қоғамдық-саяси ток-шоуының бас редакторы, жүргізушісі қызметтерін атқарды.
2007 жылдан 2012 жылға дейін «Хабар» агенттігінде «Бетпе-бет» бағдарламасының жүргізушісі, «Үкімет пен әлеумет» бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі, «Жаңалықтар» ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі болып еңбек етті.
Б.Құрманғали сонымен қатар «ВВС» британдық телерадиокорпорациясы қазақ қызметінің штаттан тыс тілшісі қызметін атқарып, Абай атындағы Алматы мемлекеттік педагогикалық университеті мен Т.Жүргенов атындағы өнер академиясында халықаралық журналистика пәні бойынша ұстаздық етті. Ал 2009-2012 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлыққа қарсы күрес медиа-орталығының жетекшісі қызметінде болды.
2012 жылғы қыркүйек айынан бастап ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары-баспасөз қызметінің басшысы қызметін атқарды. 2014 жылдың маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Жемісті еңбегі үшін Берік Уәлиұлы Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты атанды. «Қазақстан Республикасының тәуелсізідігіне 20 жыл» мерекелік медалімен және ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған. Шығармашылық жұмыстағы жетістіктері де оң бағаланып, «Еркін сөз» бағдарламасы үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2003 ж.), «Дода» ток-шоуы үшін Қазақстан Журналистер академиясы тағайындаған «Алтын жұлдыз» сыйлығының иегері (2006 ж.) атанды, «Өркендеу, Демократия және Сөз бостандығы» ұлттық конкурсында ЮНЕСКО-ның (2004 ж.) және Марат Барманқұлов атындағы Х халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінің (2007 ж.) дипломдарымен марапатталған.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста