Бектұр Сембіұлы Байжанов
Бектұр Сембіұлы Байжанов 1951 жылы 12 шілдеде Алматы қаласында дүниеге келген. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Математика институтының аспирантурасын тәмамдаған. Математик, физика-математика ғылымдарының докторы.
1975-1978 жылдары - КСРО Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі Математика институтының аспиранты. 1978-1992 жылдары - С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ассистенті, аға оқытушысы, доценті, математика факультеті деканының орынбасары. 1992-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы Президиумының Сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы. 1994-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Информатикалық проблемалар институты мен басқармасының жетекші ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі. 2006-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым Комитетінің «Математика, информатика және механика институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті төрағасының міндетін атқарушы қызметтерін атқарған.
50-ден астам ғылыми еңбектің авторы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы ғылымын дамытуға қосқан үлесі үшін» төс белгісімен марапатталған.