Бексұлтан Сәрсеков

Бексұлтан Сәрсеков

Бексұлтан Сәрсеков 1953 жылы 27 тамызда Алматы облысында дүниеге келген. КСРО ІІМ Волгоград жоғары тергеу мектебін бітірген (1979), заңгер. Заң ғылымдарының кандидаты (1998). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстан Республикасындағы есірткі және психотропты заттар контрабандасына қарсы күрестің криминологиялық, қылмыстық-құқықтық және ұйымдастыру шараларының жүйесі». «Тұран» университетінің профессоры (2002). «Қазақстандағы есірткі контрабандасы: проблемалары мен оларды жеңудің жолдары» (1998) кітаптарының авторы, «Есірткімен байланысты қылмыстарға қарсы күресудің қылмыстық-құқықтық шаралары» (1998, бірлескен авторлықта).
1974 жылдан - Алматы қалалық ІІББ милиционері. 1979 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Калинин АІІБ тергеушісі, Алатау АІІБ аға тергеушісі, Алатау АІІБ бастығының орынбасары. 1984 жылдан - Апматы қалалық ІІБ Фрунзе АІІБ бастығы. 1985 жылдан - Апматы қалалық ІІБ тергеушісі, ІІБ бөлімінің жедел өкілі. 1987 жылдан - Апматы қалалық ІІБ Калинин АІІБ бөлімше бастығы. 1988 жылдан - Апматы қалалық ІІБ бөлім бастығының орынбасары.
1990 жылдан - Алматы қалалық ІІБ Калинин АІІБ бастығы, ҚР Президенті және Министрлер кабинеті Аппаратының референті, аға референті, мемлекеттік-құқықтық бөлім меңгерушісінің орынбасары, бірінші орынбасары. 1992 жылдан - ҚР ішкі істер министрінің орынбасары. 1995 жылдан - ТМД аумағындағы ұйымдасқан қылмысқа қауіпті қылмыстардың басқа түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросындағы ҚР ІІМ өкілі (Мәскеу қаласы), ҚР МТК төрағасының орынбасары. 1996 жылдың қазан айынан - ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 1997 жылдың сәуір айынан - ҚР Президентінің үлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі. 1999 жылдың ақпан айынан - ҚР Парламент Мәжілісіндегі ҚР Президентініц өкілі.
1999 жылдың қараша айынан - ҚР ішкі істер вице-министрі. 2002 жылдан - ТМД қатысушы мемлекеттердің лаңкестік қарсы күрес орталығы жетекшісінің бірінші орынбасары (Мәскеу қаласы). 2008 жылдың наурыз айынан - Орталық Азия аймақтық есірткі және психотропты заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі ақпараттық үйлестіру орталығының директоры.
II дәрежелі «Даңқ» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Лаңкестікке қарсы күрестегі сіңірген еңбегі үшін» (ТМД ЛҚКО), «Жауынгерлік достастық үшін» (РФ ФҚҚ) медальдарымен марапатталған.
Генерал-лейтенант.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста