Бейбіт Шалдарұлы Сыздықов
Бейбіт Шалдарұлы Сыздықов 1965 жылы 10 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысы Қызылқұм ауданында дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Еңбек жолын Алматы станок жасау зауытында экономист болып бастады. Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданында «Шәуілдір» кеңшарында звено жетекшісі, бригадирдің көмекшісі, бухгалтер, «Балтакөл» кеңшарында бас бухгалтердің орнбасары, бас экономист болып жұмыс жасады. 1993-1995 жылдары Түркістан қаласында «Агроөнеркәсіптік банк» бастығының орынбасары, «Тұранбанк» экономисі.
1995-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық инспекциясының бас салық инспекторы, сектор меңгерушісі, бөлім бастығы, Қазығұрт, Отарар аудандары бойынша салық комитетінің төрағасы. 2006-2009 жылдары Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, әкімі. 2009-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар ауданының әкімі. 2014 жылдың маусым айында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы болып тағайындалды.