Базархан Ергешұлы Рүстембаев 1960 жылы 29 наурызда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында дүниеге келген. Экономика ғылымының докторы, профессор.
1977-1982 жылдары Еңбек Қызыл Ту орденді Қазақ ауылшаруашылық институтының бітірген.
1982-2005 жылдары білім саласында ғылыми-оқытушылық жолында, жетекшілік қызмет көрсету орындарында жұмыс атқарған. 2005 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті технологиялық үрдістерді механикаландыру кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды. 2006 жылы ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор қызметіне тағайындалып, докторлық диссертация кеңесінің төрағасы болды, қазір кеңестің мүшесі. 2008 жылы профессор, ал 2010 жылы халықаралық аграрлық білім беру академиясының академигі атағына ие болды және осы жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін ҚР Білім және ғылым министрінің «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» куәлігімен марапатталды. 2011 жылдың «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері. 2009 жылдан бастап «Маркетинг және сервис» кафедрасында қызмет жасай отырып, 2010 оқу жылының басынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.
Ғылыми-педагогикалық оқытушылық өтілі 27 жылдан астам.
Базархан Ергешұлы Рүстембаев
Последние статьи автора