Бақытбек Смағұл

Бақытбек Смағұл 1960 жылы 6 ақпанда Қызылорда облысының Қазалы ауданында дүниеге келген.

1975-1978 жылдары Қазалы қаласындағы 34-селолық кәсіптік-техникалық училищені қызыл дипломмен бітірген.

1979-1981 жылдары Кеңес әскері қатарына шақырылған. Арнайы дайындықтан өткеннен кейін 1979 жылғы 27 желтоқсанда Ауған Халық Демократиялық Республикасында әскери қызметін атқаруға жіберілген.

1981-1985 жылдары Алматы құрлыс техникумын өнеркәсіптік-азаматтық құрлыс мамандығы бойынша тәмамдаған.

2000-2004 жылдары Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.

2004-2008 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған.

1985-1989 жылдары – Алматы қаласы Калинин аудандық құрлыс-жөндеу басқармасының инженер-техникалық қадағалаушысы.

1989-1995 жылдары – шағын кооператив директорының орынбасары.

1995-1996 жылдары – Алматы қаласындағы Уақытша автотұрақ басқармасының бастығы.

1996-1997 жылдары – “Болашақ” базарының директоры.

1997-1998 жылдары – Алматыдағы “Көк базардың” бас әкімшісі.

1998-1999 жылдары – “Сәлем” базарының директоры.

2000-2005 жылдары – “Тайқазан Техносервис” ЖШС бас директорының орынбасары.

2005-2011 жылдары – Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының “ҚАЗАҚСТАН АРДАГЕРЛЕРІ” қауымдастығы төрағасының орынбасары, самбодан әлемнің екі дүркін чемпионы Асқар Шайхиев атындағы Таэкван-до спорт клубының президенті және “Сауап” қоғамдық қорының президенті.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік – мәдени даму комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

Қазалы ауданының “Құрметті азаматы”. II дәрежелі «Айбын», “Құрмет”, “За заслуги”, “Долг и честь” ордендерінің кавалері, Ресей Федерациясының, Ауғанстан Ислам Республикасының, Монғолия Республикасының медалдарымен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

Таэкван-додан V дан - қара белбеу иегері.

“Ауғанның от жалыны”, “Мен көрген соғыс”, “Война, которую видел я”, “Қан кешкен күндер”, “Намыстың құлы – Алаштың ұлы”, “Қаhарман”, “Үш қырлы жебе” кітаптарының авторы. Б.Момышұлының “Қолбасшы күнделігі - Дневник командира” еңбегін басып шығарған.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық кеңестің мүшесі. ҚР Президентінің тапсырмасыменен “Алғашқы әскери дайындық” пәні бойынша Мемлекеттік бағдарлама әзірлеген.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста