Бақыт Дүйсенұлы Жаханов
Бақыт Дүйсенұлы Жаханов 1974 жылы 11 қарашада Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1992 жылы Ыбырай Жақаев атындағы Қызылорда политехникалық институтына түсіп, 1996 жылы экономист-менеджер мамандығы бойынша бітірді. 1997-2001 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы департаментінің экономикалық бағдарлау, нарықтық қатынастар және мониторинг бөлімінің жетекші маманы және бөлім бастығы, стратегия, мониторинг және реформалар бөлімінің жетекші маманы, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының маркетингтік зерттеу және өнімді тиімді сату жұмыстарын үйлестіру бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002 жылдың сәуір айы мен қазан айы аралығында Қызылорда облыстық экономика басқармасының ақпараттық талдау жұмыстары және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарған. 2002-2004 жылдар аралығында Қызылорда облысы әкімі аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2005-2008 жылдар аралығында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу департаменті директорының орынбасары және 2008-2011 жылдар аралығында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы қызметінде болды. 2011 жылдың шілде айынан қыркүйек айына дейін Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы қызметін атқарды. 2011 жылдың қыркүйек айынан 2013 жылдың ақпан айына дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2013 жылдың ақпан айынан бастап Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі.