Бағдат Қаспақұлы Ахметов
Бағдат Қаспақұлы Ахметов 1948 жылы 28 қаңтарда Қарағанды облысы Нұра ауданының Кеңжарық ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1977), құқықтанушы. 1966 жылдан – Қарағанды облысы Нұра ауданының «Октябрьдің 17 жылдығы» кеңшарында токарьдің шәкірті, токарь. 1967 жылдан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1969–1972 жылдары – Қарағанды облысы Нұра ауданының «Октябрьдің 17 жылдығы» кеңшарындағы орта мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімі; Қарағанды өндірістік автотресінің Киев автокөлік кәсіпорнындағы жүргізушілер курсында оқуда. 1977 жылдан – Қарағанды қаласының Ленин аудандық әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің инспекторы, Қарағанды облысы Молодежный және Нұра аудандарының прокуратурасында сынақ мерзімінен өтуші. 1978 жылдан – Қарағанды облысы Нұра ауданының тергеушісі, прокурордың көмекшісі. 1980 жылдан – Тың көлік прокуратурасының тергеушісі, аға тергеушісі. 1981 жылдан – Целиноград облыстық сотының мүшесі. 1996 жылдан – Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқасының төрағасы. 1999-2012 жылдары – ҚР Жоғарғы сотының судьясы болды. «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтой медальдарымен, ҚР Жоғарғы соты төрағасының құрмет грамотасымен (2003), ҚР Президентінің алғыс хатымен (2001) марапатталған. Әскери атағы – запастағы капитан.
Діни көзқарасы – мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы – Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы жайлы болжамы – «Дамыған елдер қатарына қосылады». Хоббиі – теннис, автомобильмен саяхатқа шығу, шахмат. Сүйіп оқитын әдебиеті – тарихи, психологиялық әдебиет, философия жайлы кітаптар. Үйленген. Жұбайы – Айнабекова Зейнет Әлкенқызы (1949 ж. т.), дәрігер-педиатр. Қызы – Ахметова Жанар Бағдатқызы (1981 ж. т.), клиника ординаторы – дәрігер-невропатолог. Немересі – Бағдат Нұргүл Шыңғысқызы (2005 ж. т.).