Әзімбай Бейсетбайұлы Ғали 1952 жылы 5 қыркүйекте Алматы облысы Сарқанд ауданы Бақалы ауылында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын, Қазақстан Ғылым академиясының Тарих, археология және этнография институтының аспирантурасын тәмәмдаған. Белгілі саясаттанушы ғалым, тарих ғылымының докторы, профессор, ҚР әлеуметтік ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі.
Алматы халық шаруашылығы институтында оқытушы, аға оқытушы, кейін доцент, жалпы білім беретін пәндердің кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарған. 1992-2001 жылдары ҚР ІІМ Академиясының Алматы жоғарғы тергеу мектебінің философия және әлеуметтік пәндер кафедрасының басшысы, 2001-2005 жылдары Ғылыми-зерттеу ақпараттық орталығының директоры, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет академиясының мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару ҒЗИ директоры. 2005 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстандық көпсалалы «Парасат» институтының әлеуметтік - гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі. 2008 жылдан бастап Мәдени саясат және өнертану институтының директорының орынбасары, директор кеңесшісі болып қызмет атқарған. 300- ге жуық ғылыми жарияланымдардың авторы.
Әзімбай Бейсетбайұлы Ғали
Последние статьи автора