Әжібекұлы Қазыбек
Әжібекұлы Қазыбек 1966 жылы дүниеге келді. Ақмола облысында туған. Николай Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Алматы театр-көркемсурет институтын (қазіргі Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы) бітірген.
Ол республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысқан. 1995 жылы - Біріккен Ұлттар Ұйымының 50 жылдығына арналған суретшілер шығармалары көрмелерінің дипломанты. 1996 жылы - Халықаралық «Арт-Еуразия» жас суретшілер шығармашылығы көрмесінің дипломанты. 1999 жылы - ІІ Республикалық «Шабыт Милениюум» жас суретшілер шығармашылығы фестивалінің дипломанты, Әбілхан Қастеев атындағы сыйлықтың иегері. 2007 жылы - «Астана дамиды, өнер өркендейді» Халықаралық суретшілер симпозиумының қатысушысы. 2003-2005 жылдары - Бурабайда және Қарқаралыда өткен республикалық суретшілер симпозиумын ұйымдастырушылардың бірі. Қазыбек Әжібекұлының шығармашылығы жөнінде «Степная пастораль», «Сары дала», «Мечты о прошлом» фильмдері түсірілген.
Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы жастар одағы сыйлығының, Қазақстан Республикасы Президенті сыйлығының, мемлекеттік степендиясының, мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының иегері, халықаралық «Жігер» жас суретшілер фестивалінің, республикалық «Шабыт» жас суретшілер шығармашылығы фестивалінің, республикалық «Астана-Бәйтерек» байқауының лауреаты.