Асылбек Базарбайұлы Қожахметов
Асылбек Базарбайұлы Қожахметов 1958 жылы 22 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика және қолданбалы математика фвакультетін бітірген, Германия, Франция, Ұлыбритания, Бельгия, Голландия, Венгрия, Эстония елдерінің оқыту орталықтарында менеджмент бойынша арнайы оқудан өтті. Қазақстандық және солтүстікамерикалық журналдарда жарияланған менеджмент пен білімді дамыту бойынша 30-дан астам мақаланың авторы. 1980 жылдан - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің механика кафедрасының оқытушысы. 1989 жылдан - Қазақ республикалық менеджерлер кооперативтік бірлестігінің «Союз» мектебінің оқытушысы, одан кейін директоры. 1990 жылдан - «Алматы менеджерлер мектебі» ЖШС бас директоры. 1998-2002 жылдары - Халықаралық бизнес академиясының президенті. 2009 жылдан бастап Халықаралық бизнес академиясының президенті.