Асқар Қанапияұлы Арынғазин
Асқар Қанапияұлы Арынғазин 1961 жылы 6 қазанда Алматы қаласында дүниеге келген. 1985 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған. Физика-математика ғылымының докторы, профессор, Нью-Йорк ғылым академиясының мүшесі, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты.
Қарағанды мемлекеттік университетінде оптика және толқымалы процесс кафедрасында инженер, аға оқытушы, теориялық физика кафедрасының меңгерушісі, жалпы теориялық физика кафедрасының профессоры (1988–2000) қызметтерін атқарды. 2001 жылдан Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы кешенді ғылыми-зерттеу институтының директоры, Еуразия ұлттық университетінің кешенді ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессоры қызметтерін атқарады. Арынғазин 40-тан астам ғылыми еңбектің авторы. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-дың іргелі зерттеулер институтытының директоры.