Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы
Әшімбаев Мәулен Сағатханұлы 1971 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін бітірген. Ағылшын тілін еркін меңгерген. Саяси ғылымдардың кандидаты.
1993-1994 жылдары Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеді.
1994-1995 жылдары – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі.
1995 жылғы маусым - қараша аралығында – Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты.
1995-1999 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары.
1999-2000 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі.
2000-2002 жылдары – Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2002-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары.
2006-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары.
2012 жылғы ақпаннан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқаруда. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» орденімен марапатталған. 2003 жылы Джонс – Хопкинс университетінінің Халықаралық зерттеулер мектебінде (АҚШ) ғылыми стажировкадан өтті.
Әскери атағы - запастағы лейтенант.
Үйленген, үш баласы бар.
Еңбектері
"Политический транзит в Казахстане: содержание процесса и его особенности" (2001),
"Современный терроризм: взгляд из Центральной Азии" (2002, қосалқы автор),
"Безопасность Казахстана на современном этапе" (2002),
"Политический транзит: от глобального к национальному измерению" (2002),
"Центральная Азия до и после 11 сентября: геополитика и бе-зопасность" (2002, қосалқы автор),
"Нефтегазовые ресурсы Казахстане в системе мировых и региональных отношений" (қосалқы автор),
"Военно-политическая расстановка сил в Каспийско-Центральноазиатском регионе" (2003, қосалқы автор)