Әсима Темкеқызы Бимендина

Әсима Темкеқызы Бимендина 1955 жылы 24 наурызда РКФСР Омбы қаласында дүниеге келген. Омбы педагогикалық институты шетел тілдері факультетін (1977) шет тілінің мұғалімі мамандығы бойынша; ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы біліктілік арттыру курстарын бітірген (2003). Балалар-жасөспірім туризмі мен өлкетану академиясының академигі (2006). «Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1977 жылдан - Омбы облысы Павлоград аудандық халыққа білім беру бөлімі Логиновский орта мектебінің шет тілі мұғалімі, 1978 жылдан - сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушы. 1979 жылдан - РКФСР Омбы облысы Павлоград аудандық комсомол комитетінің хатшысы, 1980 жылдан - бірінші хатшысы. 1983 жылдың қаңтарынан - Солтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің нұсқаушысы, 1983 жылдың сәуірінен - СҚО Жамбыл аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы. 1986 жылдан - СҚО Компартиясы Жамбыл аудандық, 1988 жылдан - Возвышенский аудандық комитеттерінің үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1993 жылдан - СҚО Возвышенский аудандық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, 1995 жылдан - тілдер секторының меңгерушісі. 1996 жылдан - СҚО Возвышенский ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 1997 жылдан - Солтүстік Қазақстан облыстық Білім департаментінің жетекші маманы (Петропавловск қ.). 1998 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадр жұмыстары бөлімінің бас маманы, 1999 жылдан - ішкі саясат және әлеуметтік сала бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары. 2002 жылдың қарашасынан - Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры орынбасарының міндетін атқарушы, 2002 жылдың желтоқсанынан - директордың орынбасары. 2003 жылдан - Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылдан - Астана қаласы Білім департаментінің директоры. 2008 жылдан 2013 жылға дейін - Астана қаласы Білім басқармасының бастығы. 2013 жылдың қарашасынан ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты.
«Құрмет» орденімен (2009); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астананың 10 жылдығы» (2008), Қайырымдылыққа «Сауап» (2009) медальдарымен, Астана қаласы әкімінің алғыс хаттарымен (2000- 2010) марапатталған. ҚР Білім беру саласының Құрметті қызметкері (2007).
Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста