Арман Тарғынұлы Әбенов
Арман Тарғынұлы Әбенов 1970 жылы 1 қазанда Қостанай облысы Наурызым ауданының Қарамайшы селосында дүниеге келген. 1993 жылы К.А. Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын, 2009 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін және Алматы қаласындағы Халықаралық бизнес университетін ғалым агроном, экономика бакалавры, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі мамандықтары бойынша тәмамдаған.
1987-1988 жылдары Қостанай облысы Наурызым ауданының «Первая семилетка» совхозында өсімдік шаруашылығы жұмысшысы, құрылыс бөлімінің жұмысшысы. 1988-1993 жылдары К.А. Тимирязев атындағы Москва ауыл шаруашылығы академиясының студенті. 1993-2000 жылдары Торғай облысы Октябрь ауданы «Теректі» совхозының өндірістік бөлімі бойынша агроном - бригадир, бас агроном, директордың орынбасары. 2000 – 2003 жылдары Қостанай ауданы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмыстары бөлімінің бас маманы. 2003 – 2004 жылдары Қостанай облысы әкімінің аппараты ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмыстары бөлімінің бақылау жөніндегі облыс әкімінің бас инспекторы. 2004-2005 жылдары Қостанай облыстық Қостанай ауданы әкімінің орынбасары. 2005-2007 жылдары Қостанай облысы Таран ауданының әкімі. 2007-2008 жылдары Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі. 2008 – 2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстары бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2010-2011 жылдары Қостанай облысы әкімінің орынбасары. 2011 жылдың маусым айынан бастап Қостанай облысы әкімі аппаратының басшысы.