Ардақ Махмұдұлы Қасымбек
Ардақ Махмұдұлы Қасымбек 1977 жылы 29 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін аспирантурасын, 2001 жылы Business School of City University of London оқу орынын тәмамдаған. Экономика ғылымының кандидаты (2007). Әртүрлі ғылыми басылымдарда жарияланған бір қатар мақаланың авторы.
1998-2000 жылдары - «Қазақстан Халық банкі» ААҚ құрылымдық қаржыландыру департаментінің жетекші банкирі. 2001 жылдан - «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ инвестициялар басқару департаментінің менеджері. 2002 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің менеджері, бас менеджері. 2004 жылдан - салынып жатқан «АМҚЗ» ЖШС дирекциясының қаржы жөніндегі директорының орынбасары. 2005 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік қаржыландыру департаменті директорының орынбасары. 2006 жылдан - «ҚазМұнайТеңіз» ХМК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары. 2007 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі атқарушы директоры 2008 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративік дамыту жөніндегі басқарушы директоры. 2009 жылдың шілде айынан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі бас менеджері. 2012 жылдан бастап «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ-ның Корпоративтік қаржыландыру және активтерді басқару жөніндегі директоры.