Әнуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин
Әнуарбек Жәлелұлы Сұлтанғазин 1956 жылы 20 қарашада Қорған облысы Тобыл маңы ауданында (РКФСР) дүниеге келген. 1983 жылы Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, экономист. Экономика ғылымының докторы (2000). 1974 жылы электрші, Кеңес Армиясының қатарында азаматтық борышын өтеген. 1978-1992 жылдары - Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ студенті, комсомол комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, стажер-зерттеушісі, оқытушысы. 1992-1994 жылдары - Қарағанды қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары. 1994-1997 жылдары - Қарағанды облысы қаржы басқармасының бастығы. 1997 жылы - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 1997-1999 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің қаржы жүйесі кадрларын дайындау мен қайта дайындау және қызметкерлермен жұмыс жасау департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің кадрлармен жұмыс жасау департаментінің директоры. 2000-2001 жылдары - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары. 2001 жылы - ҚазМБА филиалының (Астана) доценті міндетін атқарушы. 2001-2006 жылдары - Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің мүшесі. 2006 жылдан - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы бақылауы және мемлекеттік сатып алу комитетінің төрағасы. 2007-2008 жылдары - ҚР Қаржы министрлігінің жаупапты хатшысы. 2008-2010 жылдары «Арна-Медиа» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2010-2012 жылдары - «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары. 2012 жылғы мамырдан бастап «Ұлттық технологиялық даму жөніндегі агенттігі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
«Құрмет» (2007) орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен марапатталған.