Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов 1955 жылы 6 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының, Ақжар ауылында дүниеге келген. 1980 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын ғалым агроном мамандығы бойынша тәмадаған.
1980-1981 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Күршім аудандық өсімдіктерді қорғау станциясының бастығы. 1981-1986 жылдары - Қазақстан ЛКСМ Күршім аудандық комитетінің бірінші хатшысы. 1986-1987 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданының Высокогорский совхозының бас агрономы. 1987-1989 жылдары - Шығыс Қазақстан облысының Күршім аудандық комитетінің агроөндірістік кешенінің жұмысшылар кәсіподақ кеңесінің төрағасы. 1989-1992 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық агроөндірістік кешенінің жұмысшылар кәсіподақ кеңесінің хатшысы. 1992-1994 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық әкімшілігінің ұйымдастыру-инспекторлық және кадр жұмысы бөлімінің аға инспекторы, бас маманы. 1994-1996 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық депутаттар кеңесі-мәслихатының ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1996-1997 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық агроөндірістік кешенінің жұмысшылар кәсіподақ облыстық кеңесінің төрағасы. 1997-1998 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Әкімі жанындағы тәртіптік Кеңесінің инспекторы. 1998- 2003 жылдары - Шығыс Қазақстан облысы Әкімі аппаратының жетекшісінің орынбасары, ұйымдастыру-инспекторлық және кадрлық жұмыстар, аумақтық даму бөлімінің меңгерушісі. 2003 жылдан Курчатов қаласының әкімі. 2007 жылдан Зайсан ауданының әкімі. 2010-213 жылдары Аягөз ауданының әкімі. 2013 жылдың маусымында Жарма ауданының әкімі болып тағайындалды.
Әнуарбек Мұхтарханұлы Мұхтарханов
Последние статьи автора