Андар Мәулешұлы Шоқпытов 1958 жылы 17 маусымда Ресейдің Орынбор облысында дүниеге келген. Қазақ политехникалық институтын тәмамдаған.
1991-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті және Министрлер Кабинеті Аппаратының консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1993-1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 1994-1997 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік комитеті төрағасының орынбасары, бірінші орынбасары. 1997-1998 жылдары - «Кәсіпорындарды қайта құру және жою агенттігі» жабық акционерлік қоғамының президенті. 1998-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрі, Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті директорының бірінші орынбасары. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы. 2007 жылдан «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы. 2010 жылдан ҚР Қаржы вице-министрі. 2012 жылғы ақпаннан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аппарат басшысы. «Құрмет» орденімен, бірнеше медальмен марапатталған.
Андар Мәулешұлы Шоқпытов
Последние статьи автора