Анатолы Орынғалиұлы Тегісбаев 1953 жылы 5 қыркүйекте Атырау облысы Ембі ауданының Мұнайлы кентінде дүниеге келген. 1975 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын кен инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. 1975 жылдан - Маңғышлақ газ өндіру басқармасының газ өндіру және тасымалдау учаскесінің шебері, мұнай және газ өндіру жөніндегі операторы, 1978 жылдан - аудандық инженерлік-технологиялық қызметтің №1 цехының аға инженері, 1979 жылдан - орталық инженерлік-технологиялық қызметі бастығының орынбасары, 1983 жылдан - газ және газды конденсат өндіру цехының бастығы, 1987 жылдан –басқарманың бас инженері-бастығының орынбасары. 1990 жылдан - «Маңғышлақмұнай» ӨБ бас инженерінің орынбасары - ЕҚ және ҚТ бөлімінің бастығы, бас инженерінің орынбасары - өндірістік-оперативтік бөлімінің бастығы. 1992 жылдан - «Қарашығанақгазөнеркәсіп» АҚ бас инженері - бас директорының бірінші орынбасары, 1995 жылдан - бірінші вице-президенті, 1997 жылдан - президенті. 1998 жылдан - «Ақсайгазсервис» ААҚ президенті. 2001 жылдан - «Қазбұргаз» ААҚ президенті. 2002 жылдан - «ҚазТрансГаз» ЖАҚ бас директорының Амангелді жобасы бойынша орынбасары. 2003 жылдан - «ДМД-Сервис» ЖІІІС бас директоры. 2004 жылдың желтоқсан айынан бері - «ҚазТрансГаз» АҚ газ шығару жөніндегі басқарушы директоры. «Ерен еңбегі үшін» (2010) медалімен; «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл», «Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнының игерілуіне 25 жыл», «Қазақстан мұнайына 100 жыл» белгілермені; ҚР ЭМРМ грамоталарымен марапатталған.
Анатолы Орынғалиұлы Тегісбаев
Последние статьи автора