Анатолий Павлович Маковский 1955 жылы 30 мамырда Көкшетау облысында дүниеге келген. Целиноград ауылшаруашылық институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін колхоздың төрағасы, Көкшетау ауылшаруашылық институтының оқу-тәжірибелік шарауашылығының директоры қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары Көкшетау облысы Ленинград ауданы әкімінің бірінші орынбасары болып жұмыс істеді. 1996-1997 жылдары - Көкшетау облысы Ленинград ауданының әкімі. 1996-1997 жылдары – Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Ауылшарауашылығы департаментінің бастығы. 1997-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің міндеттерін атқарушы. 1998-2012 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық - демократиялық патия фракциясы төралқасының мүшесі, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы Аймақтық саясат және маслихаттармен жұмыс істеу кеңесінің мүшесі.
«Құрмет» орденімен, «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Парлментіне 10 жыл» медальдарымен марапатталған.
Анатолий Павлович Маковский
Последние статьи автора