Әмірхан Тапашұлы Аманбаев 1959 жылы 22 наурызда Ақмола облысында дүниеге келді. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер.
Көптеген жылдар бойы республиканың прокуратура органдарында прокурордың көмекшісі, тергеушісі, прокурордың орынбасары, прокурор сияқты жауапты қызметтер атқарды. 1997 жылдан - ҚР Бас прокуратурасы тергеу басқармасы бөлімінің прокуроры. 1998-2001 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылы ҚР Бас прокуратурасының әкімшілік, азаматтық және шаруашылық істері бойынша сот қаулылары мен атқарушылық өндірісінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы. 2002-2007 жылдары - Қостанай облысының прокуроры. 2007-2009 жылдары - Қарағанды облысының прокуроры. 2009-2010 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің төрағасы. 2010-2012 жылдары - ҚР Әділет министрінің орынбасары. 2012 жылдан бастап Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің бастығы.
«Құрмет» орденімен (2008); «Астана» (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ҚР құрметті прокуратура қызметкері.
Әмірхан Тапашұлы Аманбаев
Последние статьи автора