Амантай Жарылқасынұлы Шәріп 1965 жылы 1 мамырда Қызылорда облысы, Қазалы ауданында дүниеге келген. 1988 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін үздік тәмамдаған. ҚазҰУ-да стажер-зерттеуші, асистент, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі болды. 1996-1997 жылдары Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры қызметін атқарған. 1997-2000 жылдары ҚазҰУ-дің докторантурасында оқыған. 2000-2004 жылдары Еуразия университетінде кафедра меңгерушісі, гуманитарлық институт директорының орынбасары, әлеуметтік жұмыстар жөнінде проректор қызметтерін атқарған. 2004-2005 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Қызылорда облысы филиалының директоры қызметін атқарған. 2005–2006 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары. 2006-2007 жылдары Әдебиет және өнер институтында бас ғылыми қызметкер, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды. 2008-2012 жылдары «Астана ақшамы» газетінің бас редакторы. Қазір Еуразия ұлттық университетінің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры.
Өлеңдері мен әдеби-сын мақалалары республикалық баспасөзде 1979 жылдан бастап жарық көрген. Шығармалары «Қарлығаш», «Ұлы дала жырлары», т.б. жинақтар мен антологияларға енген. «Құбыла» атты жыр кітабы шықты. «Сұлтанбек Қожанұлы – әдебиетші», «Қайраткердің қаламгерлігі» зерттеу еңбектерінің, «Қазақ поэзиясы және ұлттық идея атты ғылыми монографияның авторы.
«Дарын» мемлекеттік Жастар сыйлығының лауреаты. Филология ғылымының докторы, профессор, Халықаралық Шыңғыс Айтматов академиясының академигі.
Амантай Жарылқасынұлы Шәріп
Последние статьи автора