Амантай Әбілхайырұлы Нұрмағамбетов
Амантай Әбілхайырұлы Нұрмағамбетов 1952 жылы 17 наурызда Көкшетау облысы Казгородок ауылында дүниеге келді. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің физика факультетін үздік бітірген. 1978 жылға дейін ҚазКСР ҒА Ядролық физика институтында аға лаборант, инженер, ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. 1978 жылдың қаңтарында С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің физика факультетіне ауысып, онда аға ғылыми қызметкер лауазымына орналасады. Осы жылдың қараша айында М.В.Ломоносов атындағы ММУ физика факультеті аспирантурасының күндізгі бөліміне түсіп, аталған оқу орнында "К теории обобщенного топологического перехода в металлах" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. Аспирантура бітіргеннен кейін С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де аға ғылыми қызметкер, аға оқытушы, доцент, шетел азаматтарына арналған дайындық факультетінің деканы қызметтерін атқарады. 1991 жылдан бастап әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық ынтымақтастық қызметін басқарды. 2003 жылы «Жоғары білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының саясаты: салыстырмалы-саяси сараптама» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 2006 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде бас инспектор, сектор меңгерушісі, мемлекеттік инспектор қызметтерін атқарған. 2011 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ақпараттық технологиялар департаменті директоры лауазымын атқарды. 2012 жылдың 12 қарашасында Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры болып тағайындалды. 2013 жылдың 29 мамырында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің м.а. ректоры лауазымына тағайындалды.