Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев
Амангелді Жұмабайұлы Жұмабаев 1951 жылы 4 қазанда Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік университетін, Алматы халық шаруашылығы институтын, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы экономикасы ғылыми-зерттеу институтының аспирантурасын тәмамдаған. 1983-1988 жылдары - Алматы облыстық комитетінің лекторы, бірінші хатшысының көмекшісі, Қазақстан Компартиясы ОК-ның нұсқаушысы. 1988-1989 жылдары - Қазақ КСР Мемемлекеттік еңбек комитетінің бөлім бастығы. 1989-1990 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының сектор меңгерушісі, бас маманы. 1991-1993 жылдары - Қазақ КСР Премьер-Министрі орынбасарының кеңесшісі, ҚР Министрлер Кабинеті және Президенті Аппаратының консультанты. 1993-1994 жылдары - ҚР сыртқы экономикалық байланыс министрінің орынбасары. 1994-1996 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің орынбасары, Шет елдермен сауда-экономикалық байланыс жөніндегі бас басқарманың бастығы. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 1999-2003 жылдары - ҚР-ның Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2004-2011 жылдары - ҚР-ның Украинадағы және Молдовадағы елшісі. 2011-2013 жылдары - ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары. 2013 жылдың ақпанынан бастап Қазақстан Республикасының Әзірбайжан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі.
«Тәуелсіз Түрікменстанға деген сүйіспеншілігі үшін», «Құрмет», «Князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен, медальдармен, ҚР-ның Құрмет грамотасымен марапатталған.