Амангелді Кеңесұлы Барақатов
Амангелді Кеңесұлы Барақатов 1966 жылы 19 қаңтарда Атырау облысы Мақат ауданы Доссор поселкесінде дүниеге келген. 1991 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист, 2009 жылы «Алатау» Қазақстан университетін есеп және аудит, 2011 жылы Л.Б.Гончаров атындағы қазақ автомобиль жол институтын құрылысшы мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1987 жылы Атырау обылысы Жылыой ауданында «Теңіз газ-өндіру» зауытының жабдықтау бөлімінің инженері болып бастады. 1988-1989 жылдары Жылыой аудандық комсомол комитеті жанындағы жастар бастамасы қорының инженері, 1989-2000 жылдары жеке кәсіпкер, 2000-2006 жылдары «КОССК» ЖШС-нің директоры, 2006 жылы Жылыой ауданы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы, 2006-2007 жылдары Республикалық «Отан» саяси партиясы Жылыой аудандық партия өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары, 2007 жылы «Ұлттық экономикалық палата» басқармасының мүшесі, «Атамекен» Одағының Атырау облысы бойынша төрағасы, Атырау облысының мәслихат хатшысы, 2007-2008 жылдары Мақат ауданының әкімі, 2008-2009 жылдары Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының консультанты, 2009-2012 жылдары «ТеңізТрансСервис» ЖШС-нің бас директоры қызметтерін атқарды. 2012-2013 жылдары Атырау облысы Мақат ауданының әкімі лауазымында болды. 2013 жылдың наурызында Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі болып тағайындалды.