Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев
Амангелді Әбдірахманұлы Жангереев 1949 жылы 6 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданы Ақсай ауылында дүниеге келген. 1979 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) тәмамдаған. Медицина ғылымының докторы (1995), профессор (1996), Орталық Азия Халықаралық академиясының академигі (1999).
1981–1987 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент. 1987–1990 жылдары КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің Орталық туберкулез ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер. 1990–1997 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтында ассистент, кафедра меңгерушісі, проректор. 1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы Өкпе ауруы проблемалары ұлттық орталығының директоры қызметтерін атқарды. 2000 жылдан Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының кафедра меңгерушісі. Жангереев 68 жарияланымның, оның ішінде 1 монографияның авторы. Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы лауреаты (1985).