Әлібек Жартайұлы Татанов
Әлібек Жартайұлы Татанов 1963 жылы 9 қарашада Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1990 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1978 жылы Ақтөбе облысының Талдық ауылында механизатор болып бастаған. 1983-1985 жылдары Кеңес әскері қызметінде болып, «Кеңес әскері» газетінің Орталық әскер тобы бойынша Чехословакиядағы меншікті тілшісі қызметін атқарған. 1986-1990 жылдары Ақтөбе облыстық телеарнасының аға редакторы, КСРО Орталық телевидениесінің телевизиялық материалдарды дайындау бойынша аймақтық өкілі. 1990-1995 жылдары Ақтөбе облыстық СМК комитетінің төрағасы, «Казкоммерцбанк» АФ кеңесінің төрағасы, «Ұрпақ үні – Вестник молодежи» облыстық жастар газетінің редакция алқасы төрағасы. 1986-1991 жылдары Халық депутаттары Кеңесінің Ақтөбе облысы бойынша Атқару комитетінің телеарна және радиохабарларын тарату қызметінің редакторы. 1991-1996 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Ақтөбе облыстық комитетінің бірінші хатшысы, «Бірлік» жастар концернінің президенті. 1996-1997 жылдары Қазақстан Жастар Бірлестігі Орталық комитетінің бірінші хатшысының орынбасары. 1997-2001 жылдары Қазақстан Республикасы Жастар Ұйымдары Ұлттық кеңесінің хатшысы. 2001-2002 жылдары «Атырау-Ақпарат» Мемлекеттік медиахолдингінің төрағасы. 2003-2006 жылдары «Элитстрой» ЖШС Атырау филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Жамбыл облыстық филиалының директоры. 2008-2009 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының директоры. Астана қаласындағы «Мир» мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Астана филиалының жетекшісі. 2010 -2013 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры қызметтерін атқарған. 2013 жылдың 8 сәуір айынан бастап, «Қазақстан» РТРК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры.
«Қазақстанның құрметті журналисі» белгісімен марапатталған. Бүкілодақтық телевизиялық фильмдер конкурсының және Қазақстан Республикасы Қазақстан Жастар одағы сыйлығының лауреаты. Филология ғылымының кандидаты.