Әлібек Мұсаұлы Дінішев
Әлібек Мұсаұлы Дінішев 1951 жылдың 30 шілдесінде Алматыда туды. Анасы Кәмила – КСРО халық әртісі Ришат пен ҚазКСР халық әртісі Мүсілім Абдуллиндердің туған қа-рындасы. Олар Мүкім Абдуллиндердің ұрпақтары.Әкесі Мұса Бөкенбайұлы Дінішевтің ата тегі Батыс Қазақстан облысының Казталовка өңірінен. Ол білімді журналист болатын, қызметін «Лениншіл жас» газетінде бастағанды. Мұсакең «Мәдениет» журналының негізін қалап, ұзақ жылдар журналдың Бас редакторлығын атқарып, республикамызда мәдениет салаларының даму жолын, дарынды адамдардың еңбектерімен қазақ қауымын кеңінен таныстыра түсті. Журнал оқырмандарының тартымды, қалаулы баспасөзіне ай-налды. Ол Бойнидің «Овод» романын қазақшаға аударды, біраз мезгіл ҚазКСР-нің Мәде-ниет министрінің орынбасары қызметін атқарды. Ата-анасы Әлібекті Әміре Қашаубаев атындағы музыкалық мектепке оқуға берді. Ол мектеп үйі бүгінгі Әлібек Дінішевтің теат-ры орналасқан бір қабатты ғимарат. Осында ол аккардеон аспабында ойнауды игеруге кірісті. Сонымен қатар өзі оқитын (жалпы білім беретін) №33 мектептің көркем үйір-месінде ән айтуға машықтанды, ал жарыстарда бірінші орындарды жеңіп алып жүрді. Ол 8-сыныпты аяқтағасын музыкалық мектептен П.И. Чайковский атындағы музыкалық учи-лищеге түсті. 1970 жылы оны бітіргесін Ришат Абдуллиннің кеңесі бойыша Құрманғазы атындағы ҚҰ консерваторияның вокал факультетіне қабылданды. Енді нағыз кәсіби әншілікке дайындалу басталды. Оның мұндағы ұстазы – Н.А. Шәріпова. 1976 жылы Әлібек Дінішев консерваториядағы оқуын тәмамдағасын Жамбыл атындағы Қазақ филар-мониясында әншілікке кірісті. Ол 1977 жылы Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейро қаласында өткен воколистердің халықаралық конкурсына қатысты.
Осы жолы Әлібек әйгілі әнші қатарына көтерілді деп аталынды. 1978 жылы оған ҚазКСР-ның еңбек сіңірген әртісі атағы, ал келесі жылы Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлығы тапсырылды. Әлібек Дінішев Кеңес Одағының көптеген аймақтарымен қатар Чехословакия, Алжир, Перу, Куба, Португалия, Финляндия, Швеция, Морокко, Ирак, Болгария және тағы да бірнеше елдерде концерттік сапармен болып қайтты.