Александр Фёдорович Вербняк 1953 жылы 27 сәуірде Краснодар өңірі Белореченск ауданы Черниговская стансасында туған. Алматы политехникалық институтын инженер-механик және Павлодар университетін менеджмент магистрі мамандығы бойынша тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын Пенза облысы Занетчино кентіндегі май зауытының бас инженер-механигі болып бастады. 1976-1984 жылдар аралығында Қарулы Күштердің әскери-құрылыс отрядында қызметін өтеді. 1984 жылдан 1995 жылға дейін өндірісте және партиялық органдарда жұмыс істеді: Қазақстан Компартиясы Екібастұз қалалық комитетінің нұсқаушысы, Екібастұз қаласы сүт зауытының директоры, Павлодар қаласының «Сүт» АҚ төрағасы. 1995-2010 жылдар аралығында мемлекеттік қызметте: Павлодар қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары. 2010 жылдың 15 қарашасынан бастап - Екібастұз қаласының әкімі.
2004 жылы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Александр Фёдорович Вербняк
Последние статьи автора