Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев
Александр Әліпқанұлы Жеңсікбаев 1947 жылы 21 тамызда Болгарияда дүниеге келген. Днепропетров мемлекеттік университетін тәмамдап, осы оқу орнында ассистент, ҚазМУ математикалық талдау кафедрасында аға оқытушы, доцент, меңгеруші болды. 1994-1997 жылдары - ҚР ІІМ Алматы жоғары техникалық училищесінде бастықтың ғылым жөніндегі орынбасары. 1997 жылы - ҚазМУ-да кафедра меңгерушісі. 1997-1999 жылдары - ҚР ҒМ - ҒА-да ғылыми кадрларды аттестау департаментінің директоры. 1999-2000 жылдары - «Жоғары аттестациялық комиссия» РМКК төрағасы. 2008 жылдың маусымынан - ҚазМУ математикалық талдау кафедрасының меңгерушісі. 2000 жылдың тамызынан - ҚР БҒМ Математика институтының директоры. Ғылыми кітаптардың, 70-тен аса ғылыми жарияланымдардың авторы.
ҚР БҒМ Математика институтының бас ғылыми қызметкері, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА мүше-корреспонденті, Американдық ғылыми кеңестің құрметті кеңесшісі, Америкалық математика қоғамының мүшесі, «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.