Әлдихан Қалдыбаев

Әлдихан Қалдыбаев

Әлдихан Қалдыбаев 1939 жылы 3 қазанда Жамбыл облысының Шу ауданындағы «Кербұлақ» ұжымшарында дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1963 жылы Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1965 жылдан Жамбыл облыстық телевизия және радио хабарларын тарату жөніндегі комитетінде редактор, облыстық «Еңбек туы» газетінде әдеби қызметкер, Жамбыл облыстық партия комитетінің нұсқаушысы болып қызмет атқарды. 1976-1995 жылдары облыстық «Еңбек туы» (кейін «Ақ жол») газеті редакторының орынбасары, облыстық «Ақ жол» газетінің бас редакторы болған. Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтары облыстық ұйымдарының төрағасы болған. Қазір зейнеткер.
Балалар мен жасөспірімдерге арналған «Көк дөңгелек» (1962), «Қос тентек» (1964), «Су тасушы Әшірбек» (1969), «Байнаш солдат» (1969), «Шаншар атай» (1970), «Мишка – менің досым» (1973), «Өзен жағасында» (1975), «Солдат болу оңай ма?» (1975), «Менің ағам – солдат» (1980), «Көк дөңгелек» (1985), «Автобус аялдамасы» (1990) кітаптарының авторы. 1999 жылы «Ата» деген атпен таңдамалы шығармалары, 2002 жылы «Мен – апамның баласымын» атты романы, 2004 жылы екі томдық таңдамалы шығармалары, 2008–2009 жылдары төрт томдық шығармалары, 2009 жылы «Көңіл көмбесі» атты кітабы жарық көрген. Жазушының бірқатар туындылары орыс, белорус, армян, түрікмен, татар тілдеріне аударылған.
«Шаншар атай» деп аталатын комедиясы 1980 жылы Жамбыл облыстық драма театрында койылып, балалар мен жастарға арналған спектакльдердің бүкілодақтық байқау-конкурсында бірінші орынға ие болды. «Қайран Ынтықбай ағай-ай» комедиясы қазақ телевизиясының алтын қорына енген. 2009 жылы Түркістан сазды-драма театрында «Әкімнің туған күні» атты трагикомедиясы қойылған.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, Жамбыл облысының Құрметті азаматы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста