Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов
Алданыш Арыстанғалиұлы Нұрымов 1941 жылы 24 ақпанда Қызылорда облысы Арал ауданында дүниеге келді. Мәскеу темір жол көлігі инженерлері институтын және аспирантурасын бітірген.
Экономика ғылымының докторы, профессор, «Еуразия» халықаралық экономика академиясының академигі, салық қызметінің 2-ші санатты мемлекеттік кеңесшісі.
1972-1973 жылдары - Жамбыл темір жол бөлімшесі бастығының орынбасары. 1973-1983 жылдары - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиясы институтының кафедра меңгерушісі, деканы, партия комитетінің хатшысы. 1983-1987 жылдары - Жамбыл облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі. 1987-1989 жылдары - Жамбыл облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары - облыстық жоспарлау комитетінің төрағасы. 1989-1990 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің сектор меңгерушісі, әлеуметтік-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1990-1991 жылдары - Қазақ КСР Министрлер Кабинеті іс басқарушысының орынбасары - аймақтық даму және табиғатты қорғау бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппараты аймақтық даму референтурасының жетекшісі. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас салық инспекциясы бастығының орынбасары. 1995-1996 жылдары - Жамбыл облысы бойынша салық инспекциясының бастығы. 1996-2006 жылдары Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Санақ комитетінің мүшесі қызметтерін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан - Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті «Қаржы» кафедрасының меңгерушісі.
«Хозрасчёт в локомотивном депо», «Бухгалтерский учёт в крестьянских хозяйствах», «Налоги в Казахстане», «Налоги и финансы рыночной экономики», «Социально-экономические проблемы развитияпроизводительных сил Южного Казахстана», «Анализ про «Экономические основы и политика разгосударствления и приватизации собственности в Республике Казахстан», «Невыдуманные бюджеты, основанные на записках Счетного комитета», «Налоги Республики Казахстан и развитых стран», «Финансовая отчетность казахстанских предприятий», «Банковское дело», «Банк ісі», «Салық және салық салу», «Государственные финансы», «Налоги и налогообложение» атты кітаптарды бірлесіп шығарған. 170 астам ғылыми жарияланымдардың авторы.
«Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының медальдарымен, «Құрметті теміржолшы», «Қазақстан Республикасының құрметті ағарту қызметкері», «Алтын барыс» төс белгілерімен марапатталған. Жамбыл облысы мен Қызылорда облысы Арал ауданының Құрметті азаматы.