Алдан Зейноллаұлы Смайыл
Алдан Зейноллаұлы Смайыл 1946 жылы 3 қазанда Қарағанды қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмамдаған. Жазушы, Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты.
1970-1975 жылдары Республикалық Қазақ радиосының редакторы. 1975-1990 жылдары Целиноград (қазіргі Ақмола) облыстық «Коммунизм нұры» газетінің бөлім меңгерушісі. 1990-1995 жылдары облыстық «Тіл және мәдениет» қоғамының төрағасы, облыстық «Қараөткел» газетінің бас редакторы. 1995-1997 жылдары Ақмола облыстық телерадиокомпаниясы төрағасының орынбасары. 1997-2002 жылдары Қазақстан телерадиокорпорациясы Астана студиясының бас директоры. 2002-2007 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы Астана филиалының директоры. 2007-2011 жылдары ІV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. 2012 жылдан бастап V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі.
«Астананың 10 жылдығы» (2007 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медальдарымен марапатталған.