Әкім Тарази (Әкім Әшімов) 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін (1955), Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын тәмамдаған. 1955–1956 жылдары Жамбыл облысының ауыл мектебінде мұғалім, 1956–1958 жылдары «Ара» журналында фельетонист, 1959–1959 жылдары «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде жауапты хатшы, 1962–1970 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында редколлегия мүшесі, Бас редакторы, 1970–1971 жылдары «Литературная газетаның» Қазақстан бойынша меншікті тілшісі, 1971–1980 жылдары Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы, 1986 жылы Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы болып істеген. Бүгінде Қазақстан Жазушылар одағының Астана қаласындағы бөлімшесінің директоры.
Алғашқы кітабы «Құйрықты жұлдыз» повесі 1956 жылы жарық көрді. Одан бері «Үлкен ауыл» (1968), «Асуасу» (1970), «Қиянсоқпақ» (1976), «Бұлтқа салған ұясын» (1978), «Тасжарған» (1980), «Қыз махаббаты» (1982), «Гнездо на облаках» (1984), «Журавлижуравушки» (1984), «Басынан Қаратаудың…» (1985), «Кен», «Тәж» (1986) повесть, әңгімелері, романдары жарияланды. 2008 жылы «Мұстафа Шоқай» романы жарық көрді. Сондайақ «Күлмейтін комедия» (1966), «Жақсы кісі» (1968), «Жолы болғыш жігіт» (1972), «Қос боздақ» (1985), т.б. пьесалардың, «Тұлпардың ізі» (1984, реж. М. Бегалин), «Арман атаман» (1965, реж. Ш. Бейсенбаев), «Қарашқараш оқиғасы» (1972, реж. Б.Шәмшиев), «Мұстафа Шоқай», т.б. кинофильм сценарийлерінің авторы. Бірқатар кітаптары шетел тілдеріне аударылған. «Құрмет» орденінің иегері (1996), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2000). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлығының иегері.
Әкім Тарази (Әкім Әшімов)
Последние статьи автора