Айтбай Мамышұлы Қонысбаев 1946 жылы 2 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха ауданында дүниеге келген. Семей қаржы экономика техникумын, КСРО Ішкі істер министрлігі Омбы жоғары милиция мектебін тәмамдаған. «Еуразия» Халықаралық экономикалық академиясының корреспондент мүшесі, полиция полковнигі.
1969-1990 жылдары - Семей облыстық атқару комитеті Ішкі істер басқармасының тергеушісі, аса ерекше істер жөніндегі тергеушісі, тергеу бөлімі бастығының орынбасары, бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1990-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі комитетінің мүшесі, Экономикалық реформа, қаржы және бюджет мәселелері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары. 1994 жылы - «Қазметалл» АҚ-ының бас заңгер-консультанты. 1994-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Жоғарғы Кеңестегі өкілі. 1995-1999 жылдары - Қазақстан Республикасы Үкіметінің Парламенттегі өкілі. 1999 жылы - Астана қалалық адвокаттар алқасының мүшесі. 1999-2005 жылдары - Қазақстан азаматтық патиясы Орталық комитеті аппаратының Астана қаласындағы өкілдігінің басшысы. 2006-2007 жылдары - Қазақстан Республикасының Парламентінде «Атамекен» одағының өкілі. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасының Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының вице-президенті. 2001 жылдың ақпанынан зейнеткерлік демалыста. Медальдармен марапатталған.
Айтбай Мамышұлы Қонысбаев
Последние статьи автора