Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы
Әйімбетов Сейітсұлтан Сүлейменұлы 1947 жылғы 15 шілдеде Қызылорда облысы Сырдария ауданы, Жетікөл кеңшарында туған.
Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген соң жолдамамен ҚазКСР Қаржы министрлігіне жіберілді.
1969-1981 жылдары – ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы жергілікті бюд-жеттерді және бюджеттік ұйымдарды тексеру бөлімінің бақылаушы-тексерушісі, аға бақылаушы-тексеруші, бас бақылаушы-тексеруші, бөлім бастығы.
1981-1990 жылдары – ҚазКСР Қаржы министрлігінің бақылау-тексеру басқармасы бастығының орынбасары.
1990-1991 жылдары – ҚазКСР Қаржы министрлігінің агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру басқармасының бастығы.
1991-1992 жылдары – ҚазКСР Қаржы министрлігінің Бас бюджет басқармасының бастығы.
1992-1995 жылдары – ҚР Мемлекеттік қаржылық бақылау комитетінің төрағасы.
1995-1996 жылдары – ҚР Халықты әлеуметтік қорғау министрі.
1996-1997 жылдары – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бірінші орынбасары.
1997-1998 жылдары – «Қазақстанаудит» акционерлік компаниясы президентінің кеңесшісі.
1998-2001 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2001-2002 жылдары – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2002-2002 жылдары – ҚР Әділет вице-министрі.
2002-2007 жылдары – ҚР Президентінің Әкімшілігі Ұйымдастыру-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы.
2007-2011 жылдары – IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2012 жылдан бастап – V сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Құрмет» және «Парасат» ордендерімен, мерекелік медальдармен марапатталған.