Айгүл Нариманқызы Үлкенбаева

Айгүл Нариманқызы Үлкенбаева

Айгүл Нариманқызы Үлкенбаева 1962 жылы 23 қаңтарда Атырау облысында дүниеге келген. 1981 жылы Алматы қаласындағы музыка училищені, одан кейін Алматы мемлекеттік консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптары факультетін (1986, профессор А.Т. Жайымовтың жетекшілігімен) бітірген. 1989-1991 жылдары осы консерваторияның ассистентура-стажировкасынан өтті. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының домбыра кафедрасының доценті, күйші-домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі.
Шығармашылық еңбек жолын студент кезінде Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрі құрамында (1979-1989) домбырашы болып бастаған Үлкенбаева соло-орындаушыға дейінгі үздік кәсіби-шеберлік биігіне көтерілді. Оның күйшілік-орындаушылық репертуарында халық күйлері ("Ақсақ құлан", "Ел айрылған", т.б.), қазақтың халық композиторлары Дәулеткерей, Дина Нұрпейісова, Қазанғап, Құрманғазы, Махамбет, сондай-ақ маңғыстаулық күйшілер: Есбай, Есір, Құлшар, Өскенбай, тағы басқалардың күйлері және осы заманғы композиторлардың шығармалары мен шет елдің классикалық туындылары кірген.
1993 жылдан Қазақ ұлттық консерваториясында (2002 жылдан доцент) және 2006 жылдан"Айгүл Үлкенбаеваның мектеп-студиясында" (өзі ұйымдастырған) педагогикалық қызметпен айналысады.
Үлкенбаеваның орындауындағы күйлер аудио-кассета (2000), топтамалық 2 дискі (2002) және бейне-кассета (2003) болып жарық көрді.
ІІІ Республикалық жас орындаушылар байқауының, Құрманғазы атындағы І республикалық орындаушылар байқауының, Баку қаласында өткен У.А.Гаджибеков атындағы халық аспаптары орындаушылары халықаралық байқауының лауреаты, Қазақстанның «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста